Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК бүгін Интернеттің шетелдік сегментінен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ұйымдары интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға әкелген мемлекеттік сектордың интернет-ресурстарына қатысты бөлінген DDoS-шабуылы тіркелгенін хабарлайды.
Бүгін электрондық үкімет порталының көптеген пайдаланушылары eGov.kz,
Е-лицензирование порталының және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінің тұрақсыз жұмыс істеуіне назар аударды. Бұл жағдай мемлекеттік сектордың интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550 астам IP-мекенжайынан жүргізіліп жатқананы айқындалған DDoS-шабуылға байланысты.
Ағымдағы сәтте шабуылдың ресурстар жұмысына әсерін барынша азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар жүргізілуде.
МТҚ меморгандардың сайттарына жасалған DDoS –шабуылдарды тіркеді
14 мая 202014 мая 2020
1
~1 мин