Білім және ғылым министрлігі ғылыми-техникалық жобаларға гранттар ұсынады.
Министрлік жанындағы Ғылым комитеті 2020-2022 жылдарға екі конкурсқа қаржыландыру берілетінін хабарлады. Бұл гранттардың өзгелерден ерекшелігі жекелей немесе 5 адамға дейінгі топ болып ғылыми жұмыстарды іске асыруға бөлінеді.
Істің нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптар да күшейтіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мамырдың 11-і мен маусымның 26 аралығында www.is.ncste.kz өтінім беру қажет.