Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов JudoCrazy басылымына өзінің спорттағы басты арманы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. — Сіз Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болдыңыз. Сіз үшін Олимпиада алтынының маңызы қаншалықты зор? — Олимпиада алтыны – әр спортшының арманы. Олимпиада – барлық жарыстың биік шыңы. Әзірге Қазақстанда грек-рим күресінен 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасында Жақсылық Үшкемпіров алған жалғыз ғана алтын Олимпиада медалі бар. Бірақ бұл кеңес уақытында болған. Мен Қазақстанның Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы балуаны болғым келеді. Әлі күнге дейін алтын жүлденің болмағанына қапалымын. «Бізде шын мәнісінде лайықты спортшылар жоқ па?», «Біз бұған жете алмаймыз ба? деген секілді сұрақтар мені мазалайды. Сондықтан да Олимпиада алтыны мен үшін өте маңызды. Өзге жарыстарда алтын алу мен үшін аса маңызды емес. Өз елімнің намысын қорғағым келеді. Мен өз елімнің туы көтерілгенін көріп, Олимп