Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 18 мамырдан бастап мешітке келетін жамағатқа үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алла қаласа 18 мамырда жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін мешіттерімізді ашамыз. Бұл еліміздегі барлық мешіттің есігі ашылады деген сөз емес. Өйткені әр облыстағы карантин жағдайы әртүрлі. Бас санитарлық дәрігердің карантин режимін кезеңдік талаптарын сақтау бойынша қаулысын ұстанудамыз. Сонымен қатар өңірлердегі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жұмыс жүргіземіз. Осыған орай облыстағы мешіттеріміздің ашылуы – сол өңірлердегі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жүзеге асырылады», - деді Бас мүфти ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты уақытша шектеуле