Найти тему
Base Arna

Операторыңыз заңсыз түрде ақша алса, не істеуге болады?

Тарифтік жоспарыңыз мерзімінен бұрын аяқталған уақытта, оператор автоматты түрде қайта қосылуға ақша шешіп алуы мүмкін еді. Қазір жағдай басқа. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгертулер енгізді. Оның негізінде төлемақы алдыңғы тариф үшін де, қосымша қызметтер үшін де автоматты түрде алынбайды.

Енді мобильді операторлар абоненттерге өзге тарифтік жоспарлармен қатар, төлем бір күнтізбелік айға жасалатын тарифтік жоспарды да  ұсынуы тиіс.

Бұған қоса, "базалық тарифтік жоспар" ұғымы енгізілді. Бұл тариф абоненттік төлемді талап етпейді, тек нақты пайдаланған минут немесе SMS санына ғана төлем жасай отырып, қоңырау шалуға және SMS жіберуге мүмкіндік береді. Бұл тарифке өзгерісті операторлар жылына бір рет қана енгізе алады және бұл туралы ол абонентті нақты өзгерістерге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етуге міндетті.

Бұған дейін ұялы байланыс операторы абонентте қандай да бір тарифтік жоспар болмаса, оны өздері абоненттің келісімінсіз кез-келген тарифтік жоспарға қоса алатын.