Солтүстіктің жігіттері батыстың адайларымен қайда жүрсе де, әйтеуір, бірден тіл табыса алмайтыны бар. Сол тілде мәселе, біріншіден, біздікілер қазақшаға шорқақ қой, ал адайлар зекіп сөйлегенін табиғи құбылыс екенін ұғынбайды және. Осылайша мен екі рет араша болдым екі елдің жігіттеріне. Екіншісі мектеп түлеп, әскери полигонда жатқанымызда болған. Ал біріншісі... "Курорттағы махаббат" қазіргінің әсемдігі кеткен түсінігі ғой. Ал біздер бала кезде лагерьлерге барушы ек, сол кездегі махаббатты айтыңыз. Ұмытылмайтын сезімдер ғой. 2008 жыл болса керек, Ертістің жағасындағы Кеңес ауылындағы балалар лагеріне мектебін жіберді. Жақсы оқитын бала, ел көрсін деп. Анам да мәз болып, жаңа киім алып жіберді. Ап-арық, қап-қара бала Қызылжар мен Қостанайдан келген балалардың ортасына тап болды. Орысша жақсы білсем етті, әйтеуір әупірімдеп жүрмі ғой. Есесіне, адайлықтармен ерегескенде ортаға түсіп алып, арашалап жүрем. Бір күні әлгі ерегестің себепшісі де болдым. Кешкісін киім ауыстырып, дискотекаға