Найти в Дзене

Абат пен Айымның тағдыры 5 бөлім

Лекция бітіп, бәрі жиналып жатқанда, Айым жанталасып қаша жөнелді. Артынан Абатта жүгіріп шығып еді, бірақ үлгермеді. Айым болса,жүгіріп бар демімен жұмыс орына келді.Ол-кірлерді жуып,үтіктеп жинап беретін қызмет көрсету орталығында жұмыс жасайтын. Жұмысын аяқтап,жалдап жатқан үйіне шаршап келетін,Айымның бір күні осылай өтетін. Таң атты.
Сабаққа келген Айым,кабинетке кірген сәтте алдыннан Абатты көргенде,шайтан көргендей зәресі қалмады. Абат болса,Айымды күткендей қасындағы бос орынды көзбен көрсетіп,шақырып отырғандай болды. Бірақ Айым Абаттың жанына бармай,Қарлығаштың жанындағы бос орынға барып отырды. Абат,Айымның бұл қылығына шамданып,жынданды. Сабақ аяқталып,барлығы тысқа шыққан сәтте Айымның артынан Абатта жүгіріп шықты.
Абат:
-Айым,Айым деп айқалап шақырып еді, бірақ Айым оны естімей алды-артына қарамай жүгіре жөнелді.Сонынан Абатта көлігіне отырып,Айымнан артынан еріп,жұмыс орнына келді.Бұл жерді көрген Абат,іштей бір түрлі болып,жан-жағына жалтақтап қарай берді. Ол Айымды
Оглавление

Лекция бітіп, бәрі жиналып жатқанда, Айым жанталасып қаша жөнелді. Артынан Абатта жүгіріп шығып еді, бірақ үлгермеді. Айым болса,жүгіріп бар демімен жұмыс орына келді.Ол-кірлерді жуып,үтіктеп жинап беретін қызмет көрсету орталығында жұмыс жасайтын. Жұмысын аяқтап,жалдап жатқан үйіне шаршап келетін,Айымның бір күні осылай өтетін.

Таң атты.
Сабаққа келген Айым,кабинетке кірген сәтте алдыннан Абатты көргенде,шайтан көргендей зәресі қалмады. Абат болса,Айымды күткендей қасындағы бос орынды көзбен көрсетіп,шақырып отырғандай болды. Бірақ Айым Абаттың жанына бармай,Қарлығаштың жанындағы бос орынға барып отырды.

Абат,Айымның бұл қылығына шамданып,жынданды. Сабақ аяқталып,барлығы тысқа шыққан сәтте Айымның артынан Абатта жүгіріп шықты.
Абат:
-Айым,Айым деп айқалап шақырып еді, бірақ Айым оны естімей алды-артына қарамай жүгіре жөнелді.Сонынан Абатта көлігіне отырып,Айымнан артынан еріп,жұмыс орнына келді.Бұл жерді көрген Абат,іштей бір түрлі болып,жан-жағына жалтақтап қарай берді. Ол Айымды алыстан бақылап қарап отырды да,сәлден соң оны телефонына түсіре бастады. Түсірген суреттерді өзінің есерсоқ досы Самалға жіберді.Ол Айымды керегінше мазақ етіп,желілерге салу керек еді. Есерсоқ Самалға да керегі осы еді. Ол барлық суреттерді әлеуметтік желілерге жүктеп, жариялады.


Түн ортасына дейін Айымды күткен Абат,оны ары қарай аңдыды. Абат Айымның артынан ере отырып,оның тұратын жерінде біліп алды.
Таң атты.Сабаққа асығыс жиналған Айым,автобусқа үлгермей жаяу оқу орнына қарай жүгіре жөнелді. Асығыс келген Айым,келе сала кабинетке кірдіде, алдыңғы орынға келіп жайғасты. Сәл болса да,отырып демін басқан Айым,қалған аз уақытына сабаққа дайындалып алды. Артынан келіп жатқан группаластарымен қатар ішке Абатта келді. Айымға бір қарады да, артқы орынға барып отырды.

Ешкімнің ойында ештеңе жоқ еді. Тек Самал қасындағыларға телефонынан бір нәрсе көрсетіп, сыбырласып отырды. Сол сәтте желідегі суреттері мен жазбаларын көрген Айым,тағы біртүрлі болып отырып қалды. Айымның көңіл-күйін көрген Лаура, оны қолдап жанынан табылуға тырысты. Абат болса, өзінің жасаған қылығынан тіпті ұялуды білмеді.

Жалғасы бар...