Айымның ызадан күйген жан дүниесі ешкімге мәлім емес еді. Барлық нәрсені ішінде ұстап,дыбысын шығармай жылаған Айым,енді не істеймін деп,іштей сұрақтармен жанын жегідей жылады. Таң атты. Айымда универге баруға жиналып жатты. Айым жүгіріп маршрут тоқтайтайтын аялдамаға келді. Таңның салқын самалында Айым өзін бір сілкіп алды да,өз-өзімен сөйлесті:
-Айым,сен қорқақ емессің,сен мықтысың!
-универге ұялмай басыңды тік ұстап бар. Сен әкең үшін барасың.Болды бәрі артта қалды,қысылма өзіңе сен!-деп сыбырласып отырды. Осы сәтте мінетін автобуста келді.Осылайша Айым универ алдына келді.Бірақ кіруге аяғы дірілдеп,жүрегі дауаламай біраз тұрды. Жанынан өтіп бара жатқан студенттер әңгіме етіп,біреулері күлсе,біреулері сыбырласып бара жатты. Сол сәтте жанына жетіп келіп,қолынан қысып алып,жүр ішке кірейік деп,дос қызы Лаура жетектеп алды. Лаура Айымның қорыққанын сезгендей болды:
-қорықпа!бәрі жақсы болады.Сен қорқып қашсаң,сенің сағыңның сынғаны деп біледі де,олар сені одан сайын басынады. Сен мы