Дірілдеген ерні мен төмен қарап, жымқыра жұмған көзіне бір қарап,екі жағынан қысып тұрып,Абат Айымды сүйіп алды.Осы көлікте болған барлық әрекетті камераға түсіріп алған, Абаттың көңілі мастанып, масайрап отырды. Есікті ашты да,Айымға:
-түс көліктен,қайда барсаң онда бар! Тез түс-деп,айқайлап,түсіріп жіберді де,өзі кетіп қалды. Жалғыз өзі далада қалған Айым,жылап артта қала берді. Жаяу жылап жол жиегіне барып,көлік тоқтатып тұрған кезде,үлкен кісі тоқтап,аман-есен қалаға жетті.Үйге аман келгеніне қуанса да,Абаттың жасағанына арланып жылап алған Айым,ызадан аққан жасын сүртіп тастады.
Таң атты.Сабаққа келген Айымды бәрі қол телефондары қарап,көзбен қарап сыбырласса,кейбіреуі тіпті қол шошайтып әңгіме етті.Ештеңені түсінбеген Айым кабинетке келгені сол-ақ екен,қасындағы дос қызы жүгіріп келіп,телефондағы видеоны көрсетті.Кешегі әрекетті көрген Айым, не істерін білмей тұрып қалды. Артыннан есікті ашып шалқайып келе жатқан Абатты көрді де,жүгіріп барып,Айым Абатты шапалақпен бір ұрды.