НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың салдарына байланысты табысынан айырылған 3 млн 960 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Оларға 157 млрд теңге төленді. Өкінішке орай соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда «42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық тұрғыда жазалайды екен« деген әңгіме көп таралып жатыр. Біз бәрін қарап шықтық. 5 сәуірден бастап заңгерлеріміз осы мәселеге қатысты пікірлерін айта бастаған. Оның ішінде ерекше таралғаны сол күні Закон.кз порталында орыс тілінде Данияр Нұрланұлы мен Руслан Қожахмет есімді заңгер-адвокаттардың Қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талдап, соны 42 500 теңге төлеміне қатыстырып жазған мақаласы болды», - деді ол. Оның ат
Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны, қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды - Біржан Нұрымбетов
20 апреля 202020 апр 2020
2
1 мин