Мемлекет басшысы әнұранды бірге шырқаған тұрғындар бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. Оның айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. «Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық», - дейді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін елорда тұрғындарының балконнан әнұран шырқағанын жазған болатынбыз.