Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Карантиндегі жұлдыз» жобасы жалғасатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мәдениет және спорт министрлігі елде төтенше жағдай жарияланғалы бері өнер мен спорттың баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн нұсқадағы жұмыс тәртібіне көшті. Барлық республикалық өнер ошағы кестеге сәйкес күн сайын қойылымдарын онлайн-режімде өз сайттарында, You Tube арналары мен әлеуметтік желілерде жариялап келеді. Жалпы республика бойынша мәдениет және спорт мекемелерінің 90 пайызына жуығы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Күн сайын таңғы 08-00-ден бастап кешкі 09-00-ге дейін мәдениет және спорт саласының өкілдері қазақстандықтарға үйден шықпай, бой жазу жаттығуларын жасап, түрлі кездесулер, лекциялар, концерттер өткізіп келеді», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, кешкі уақытта мәдениет майталмандары көрермендерге әсем әндері мен әуезді күйлерін арнауда. «Жал
Роза Рымбаева көпшіліктің сұрауымен онлайн режимдегі екінші концертін ұсынады
2 апреля 20202 апр 2020
1 мин