Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданынан 10 дәрігер Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Делегацияны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров күтіп алды. «Бүгін қытайлық әріптестерімізді қарсы алдық. Бұл кездесу екі ел басшыларының уағдаластығы аясында өтуде. Біз үшін бұл кездесу сөзсіз маңызды, себебі Қытайдың эпидемиология мәселелеріндегі емдеу тәжірибесі мен зерттеулері маңызды болып отыр. Қытайдан 10 дәрігер арнайы келді, олардың арасында пульмонолог, эпидемиолог мамандар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. 15 күндік іссапарда олар коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды диагностикалау, емдеу және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін талқылайды», - деді вице-министр тілшілерге берген сұхбатында. Бағдарлама аясында қытайлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларына барады. «Бізде бұл сырқаттан жазылып, ауруханадан шыққан тұрғындар бар. Сонымен бірге, ауыр халде жатқан азаматтарымыз да бар. Бірқатары өкпені жас
Коронавируспен күрес: Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның 3 қаласында тәжірибе көрсетеді
9 апреля 20209 апр 2020
1 мин
