Жарияланған төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңге сомасындағы төлем ел тұрғындарына тағайындалып жатыр және осы төлемді алғандардың саны күн сайын артуда. Қазіргі уақытта бұл қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өтінімді қандай ресурстар арқылы беруге болады? Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алуға арналған өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz сайты және Help42500Bot Telegram-боты арқылы жіберу мүмкіндігі бар. Бұл ретте азаматтар өтінім жіберу кезінде қажетті жеке мәліметтерін енгізеді. Азаматтардың жеке мәліметтерін тексеру мен жіберілген өтінімді қарастыру үшін 3 жұмыс күні мерзімінде уақыт керек. Осыдан кейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан соң, өтінім берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі. Ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу ү