Әлемнің 23 елінде жүрген 1285 азаматымыз Қазақстанға оралуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «COVID-19 коронавирус індетінің өршуіне байланысты СІМ-де Дағдарыстық штаб іске қосылды, ол ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде құрылған барлық жедел штабтардың жұмысын үйлестіреді. Қазір әлемнің 73 елінде 295 мыңға жуық қазақстандық бар», - деді Айбек Смадияров. Оның атап өтуінше, шетелдегі Қазақстан азаматтарының тізімі сағат сайын өзектендіріліп отырады. Қазақстан Елшіліктерінде жұмыс істеп тұрған штабтар азаматтарға Отанға оралудың мүмкіндіктері туралы қажетті нұсқаулықтар мен ақпаратты беруде. «Шетелдегі біздің азаматтарымыздың көп бөлігі, солардың ішінде тұрақты тұруға, жұмыс, оқу және басқа мақсатта шет мемлекеттерде тұратын азаматтарымыз, әсіресе жағдайы тұрақты елдерде тұратындар, қайтып оралуға ниет білдірмейді. Олардың арасында дүрлігу мен үрей жоқ. Олар орналасқан елдің
Әлемнің 23 елінде жүрген қазақстандықтар елге оралуға ниет білдірді
20 марта 202020 мар 2020
1 мин