Найти в Дзене
Қазақпарат

Елімізде көліктің VIP нөміріне деген сұраныс азайып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың VIP көлік нөмірлеріне деген сұранысы азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

«2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд теңге жұмсаған», делінген хабарламада.

Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейді.

Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингісін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

Айта кетерлігі, көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2014 жылдан бері сатылып келеді. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы келесідей өзгерді:

Кестені толығырақ көріп танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://www.inform.kz/kz/elimizde-vip-kolik-nomirine-degen-suranys-azayyp-ketti_a3618718