ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын алдын-алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. -Қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз; - Қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану; - Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз; - науқас адамдармен байланыста болмауға; - суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет: - бетпердені тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет; - коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі. Айта кету керек, бұл мәселе - барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.
Бетпердені тек тұмау белгілері болғанда ғана кию керек - ДСМ
6 февраля 20206 фев 2020
6
~1 мин