ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы электронды үлгіге толықтай көшірілетін қызметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесі жұмысының маңызды бағыттарының бірі – денсаулық сақтау және оны трансформациялау саласында ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді электронды үлгіге көшіру», делінген хабарламада. Министрлік 2020 жылы мынадай қызметтерді электронды үлгіге толықтай көшіру туралы мақсат қойған: - Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру; - Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру; - Науқастарға стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру; - Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысуы туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру; - Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы және тиім