Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Баланың бәрі кәсіпкер

Бала кезімізде бәріміз кәсіпкер ретінде затымызбен алмасып, шемішке сатқан шығармыз ия? Менің кәсіпкерлік жолым 3 сыныптан басталған🧐. Бастауыш сыныптағы жетекшіміз ауылда көрші тұрады. Құймақ пісіретін еді. Дәмінен аузыңның суы ағатын еді, шіркін! Сол құймақты алып сыныптастарыма сататынмын. Сосын әкем марқұм шемішке егетін. Күзде оны жинаған соң көктемге дейін қара табаға сол шемішкені қуырып апарып сататынмын. Директор ұрыспағанда баяғыда миллиардер болатын едім😂. Тұрмысқа шыққанда оқумен қатар телефон аксессуарларын саттым. Хит еді ғой неше түрлі брелоктар😍. Визажист, мастер наращиваниеде оқып кабинет ашқанмын. Біздің кәсіпкерлік қабілетіміз ес біле келе басылады. Себебі сыртқы ортадан критика көп естиміз бастаймыз. ❌Бұлай жасама ❌Ұят болады ❌Қолыңнан келмейтін сияқты ❌Қой олай болмайды, т.с.с. көптеген негативке қарсы тұра алмай қаламыз. Сондықтан болар психологтар, тренерлер көп жағдайға балаша қара дейтіні. 

Бала кезімізде бәріміз кәсіпкер ретінде затымызбен алмасып, шемішке сатқан шығармыз ия?

Менің кәсіпкерлік жолым 3 сыныптан басталған🧐. Бастауыш сыныптағы жетекшіміз ауылда көрші тұрады. Құймақ пісіретін еді. Дәмінен аузыңның суы ағатын еді, шіркін! Сол құймақты алып сыныптастарыма сататынмын.

Сосын әкем марқұм шемішке егетін. Күзде оны жинаған соң көктемге дейін қара табаға сол шемішкені қуырып апарып сататынмын. Директор ұрыспағанда баяғыда миллиардер болатын едім😂.

Тұрмысқа шыққанда оқумен қатар телефон аксессуарларын саттым. Хит еді ғой неше түрлі брелоктар😍. Визажист, мастер наращиваниеде оқып кабинет ашқанмын.

Біздің кәсіпкерлік қабілетіміз ес біле келе басылады. Себебі сыртқы ортадан критика көп естиміз бастаймыз.

❌Бұлай жасама

❌Ұят болады

❌Қолыңнан келмейтін сияқты

❌Қой олай болмайды, т.с.с. көптеген негативке қарсы тұра алмай қаламыз.

Сондықтан болар психологтар, тренерлер көп жағдайға балаша қара дейтіні.