Қазақстанның бас инфекционисі Динагүл Баешова респираторлық вирустың алдын алу жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Инфекционист ретінде респираторлық вирустан қорғанудың 5 маңызды қағидасын ұстануға кеңес беремін. Ең алдымен – халық көп жиналатын орындарға бармаңыз. Екіншіден – ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыспау және қолды жиі сабындап жуу. Үшіншіден – қоғамдық орындарда бетпердемен жүру. Әр 2-3 сағатта бетпердені ауыстыру. Төртінші – түшкіргенде қағаз майлықтарды қолданып, еңкею қажет. Бесінші – ет өнімдерін қайнатып, қуырып, көкөністерді ыстық шумен шаю керек. Базарда құрғақ жемістердің дәмін көрмеңіз», - деді дәрігер Қазмедиа орталығында өткен брифингіде. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған барлық препараттар Қазақстанда бар. «Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі толығымен ашық. Алғаш рет жаңа вирус туралы отандастарымызға 6 қаңтарда ескерту жасаған едік. 7 қаңтарда бұл вирус расталды. Халыққа жалған ақпарат таратпаған