Жұлдызды шайқастар... Диснейдің 2019 жылғы 1 млрд доллар кассалық ақша жинаған 7-киносы. Қолына лазерлік семсер алып, түрлі-түсті бластерді елестетіп, бір-бірімізбен атысып, қарап өскен кинофраншизаның кезекті трилогиясының соңғы бөлімі. Әлем бойынша көптеген фанаттардың сынына ұшыраған 8-эпизодтан кейін Дисней тағы да режиссер ауыстырып, финалдық бөлімді ерекше аяқтағысы келді ме деп ойлаған едім. Бірақ, ойым екіге бөлінді. Бір киносы сыншылардың көңілінен шықпаса, бір киносы фанаттардың көңілінен шықпайды. Әрине, Диснейдің осы жолы фанаттардың көңілінен шығып, көп ақша жинап алуды көздегенін түсіну үшін мастер джедай болудың қажеті жоқ. Фанаттық теория керек пе? – Біз оны растаймыз. – VIII-эпизод ұнамады ма? – Біз оны IX-эпизодпен жоққа шығарамыз. Міне, кино сценарийі осындай диалогпен жазылғандай. Фанаттардың көңілін қуып, олар VIII-эпизодта нені қалап еді, соны IX-эпизодта көрсетті. Ал сыншыларға бұл ұнамады. Дисней, түсінші. Бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес. - Люк, мен сенің ә
Жұлдызды шайқастар. ІХ ЭПИЗОД. СКАЙУОКЕР. Кім үшін түсірілген? Сыншылар үшін бе, әлде фанаттар үшін бе?
17 января 202017 янв 2020
13
2 мин
