Найти тему
Оқы

Электронды кітаптарды немен оқимын?

Оглавление

Қайырлы күн, құрметті тіркелмен! Көптеген чаттарда "кітаптар ашылмайды" , "қандай программамен оқуға болады?" - деген сауалдар жиі қойылады. Android қолданушысы ретінде мен сіздерге өзім қолданатын электронды форматтарды ашып, оқуға мүмкіндік беретін екі бағдарлама туралы айтқым келеді.

көрнекі сурет
көрнекі сурет

eBookDroid

Үйлесімді дизайн сізге кітап сөрелерін еске түсіреді. Әу баста DjVU, PDF форматтарын оқуға арналған бұл бағдарлама, қазіргі уақытта FictionBook (fb2 и fb2.zip), EPUB, RTF, MOBI, AWZ3 форматтарын да оқиды. Мәтін бойынша іздеуге, керекті бетті табуға болады. Жүктеп алса бірден түсініп кетуге болады.

бағдарлама интерфейсі
бағдарлама интерфейсі

Жүктеу сілтемесі

Moon+ Reader

Бірінші ұсынған бағдарлама сияқты көп форматтарды оқиды. Бірақ бірінші бағдарламаға қарағанда функциялары көп. Мысалы кітап ішінен өзіңізге ұнаған мәтінді белгілеп сақтауға болады. Белгілеген мәтінге өз ойыңызды жазып қоюға болады. Қысқаса айтқанда бірінші бағдарламадан әлеуеті жоғары.

бағдарлама интерфесі
бағдарлама интерфесі

Жүктеу сілтемесі

P.S. Екі бағдарламаның плюсі де, минусы да бар. Мысалы Moon Reader бағдарламасының көп функциялары ақылы (Бәлкім бұл минус емес шығар) eBookDroid бағдарламасында қазақша таңбалар дараланып, ерекше боп тұрады. Кейде қажетті көлемде үлкейтіп, кішірейте алмайсың. Ал сіз қандай бағдарламалар қолданасыз?