Қазақстанда кәсіпкерлер үш жылға салық төлеуден босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен жылдың соңғы күндерінде Мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жылға босататын заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы арқылы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бірқатар отандық салық төлеушілерді салық төлеуден босатылды. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, бұл шағын және орта бизнес өкілдерінің салық жүктемесін жеңілдету үшін жасалуда. «Заңнамаға сәйкес микро бизнес - бұл 15 адамға дейінгі жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (79 млн теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер, шағын бизнес – бұл 100 адамға дейінгі жұмысшысы