Бүгін Қазақстанның жүзге жуық тестілеу пунктінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2020 жылдың 16-20 қаңтары аралығында 95 мыңнан астам үміткер ҰБТ тапсырады. Айта кетейік, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте, оқуға түсушілер білім гранты конкурсына қатысу үшін маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерген жоқ. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді. ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар 2019 жылы 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қабылданды. Нәтижесінде, ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді. Оның ішінде 75 520 оқушы тестілеуді қазақ тілінде, 22 744 бала – орыс тілінде және 176 бала ағылшын тілінде тапсырады. Санаттар бойынша, 90 808 бала – 11 (12) сыныпта оқиды және былтырғы тестілеуден өтпеген, ЖОО-ға шартты түрде қаб