Сәлем тіркелмен! 2020 жылды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасымен жарық көрген "Panorama Дүниежүзі тарихы" кітабымен бастадым. Кітапта "Панорама - құшағына тұтас кеңістікті сыйғызған кең шалқарлы сурет емес пе?!" - демекші бұл екі кітапқа жердің пайда болуынан бастап, Homo sapiens қазақша айтсақ саналы адамның жүз мыңдаған жылдардағы тарихын сыйғызған. Бұл оқулық тарих факультетінде оқитын студенттерге, педагогикалық мамандықты бітірген жас маманға тіпті тәжірибелі ұстаздарға таптырмас кітап деп айтсам артық айтқандық болмас. Сонымен қатар әлем тарихына қызығатын әрбір адам алып оқыса артық болмайды. Себебі кітап тілі ондайлық күрделі емес, қарапайым жандарға ұғынықты. Бір қарағанда бұл екі кітаптың кәдімгі тарих оқулығынан еш айырмашылығы жоқ сияқты. Дегенмен кітап соңғы жылдардағы ғылыми жаңалықтармен толықтырылып, көрнекі материалдар берілген. Өткір сауалдар студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға өз сеп