26-желтоқсаннан бастап еліміздің үлкен экранына Нұрлан Қоянбаевтің "Бизнес по-казахски в Корее" киносы жол тартқан болатын. Осы кино туралы ӨЗ ОЙЫМ.
Осыған дейін Америка және Африкада қазақ кинематографиясының туын тіккен Нұрлан, осы жолы аттың басын Кореяға бұрды. Өте сәтті шыққан 1-бөлімнен соң "қазақша бизнесті" тағы да созып, қазіргі таңда отандық кинотеатрларда ақша түсірімі жөнінде голивудтық "Мстители: Финал" және "Король лев" фильмдерінен кейін 1 млрд 19 млн теңге жинап, әзірше 3-орында келе жатыр. Фильм басқа да қазақша әзіл-фильмдері секілді отбасылық жанрда түсіріліп, жеңіл әзілдерге негізделген. Осы жайында толығырақ тоқталар болсақ: Кино - нағыз дем алуға баратын кино десем келісетін шығарсыздар. Отбасыңызбен бірге, күйбелең тіршіліктен ой жазып, сергіп алуға арналған таптырмас дүние. Бұл міндетті Нұрлан тамаша орындады деп ойлаймын. Актерлер шеберлік Актерлер жоғары дәрежеде өз рөлдерін ойнап шықты. Жомарт пен Айсұлу және Ален мен Мақпалдың махаббат хикаялар тамаша жалға