Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған стратегиялық міндеттердің бірі. Осыған байланысты ІІМ көші-қон қызметін жеңілдету және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жеделдету жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл ІІМ «Шетелдікті шақыру» қызметін электронды форматқа өзгертті. Елге кіруге арналған шақыруды рәсімдеу - Ішкі істер минитрлігі көрсететін ең сұранысқа ие қызметтердің бірі. Қазақстанға келгісі келетін шетелдіктер құжат жинап, Қазақстан елшілігіне жеке келіп, жауабын күтуі керек және ол 30 күн, тіпті одан да ұзаққа созылып кететін. Енді бұл қызметті үйден шықпай www.vmp.gov.kz порталынан 5 күн ішінде алуға болады. Порталда шақыруды рәсімдеп жатқан шетелдікке мыналар қажет: - өтінімді толтырып, шетелдіктің мәліметтерін енгізу, - электронды үкімет төлем шлюзі арқылы мемлекеттік салықты төлеу (әр шақырылған азаматқа 0,5 АЕК), 5 жұмыс күні өткенн