2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған құжатты бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінгі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсат-міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2020-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарлама жобасы әзірленді. Жаңа бағдарламада бірнеше стратегиялық құжат негізге алынды. Атап айтқанда, Елбасының «100 нақты қадам« ұлт жоспары және «Рухани жаңғыру« бағдарламалары, Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасы, Тамыз кеңесінде, Жолдауда берген білім саласына қатысты тапсырмалары толығымен қамтылды», - деді 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырған министр. Оның атап өтуінше, бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда қарапайым мұғалімдермен, сарапшылардың қатысумен және Парламент депутаттарымен алдын ала тал
Асхат Аймағамбетов ғылыми негізге дайындалған жаңа бағдарламаны таныстырды
19 декабря 201919 дек 2019
2
1 мин