ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы халықаралық әуежайының сатылатыны туралы ақпаратқа орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінде бір түрік компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Дәл қазіргі сәтте пікір білдіре алмаймын. Бұл әзірше аяқталмаған мәміле сияқты. Алматы әуежайы жеке компанияның меншігінде тұр. Сондықтан сатылым жүріп жатыр. Бізбен келісілуі тиіс сәттер бойынша Азаматтық авиация комитеті қажетті процедураларды жүргізіп жатыр», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның пайымынша, әуежай сатылғаннан кейін жолаушылар оң өзгерістерді көре алады. «Меніңше, сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту және қосымша инвестиция тарту бөлігінде бұл жақсы қадам болмақ. Білуімше, басқаруында бірнеше әуежай бар компания келеді. Оның басқаруында Францияда екі әуежайы бар сияқты», - деді Бейбіт Атамқұлов. Министр Алматы халықаралық әуежайы Орталық Азиядағы ең ірі әуе қақпаларының бірі са