Қазақстанда 15 қарашада Ұлттық валюта күні аталып өтеді. Дәл осы күн қаржыгерлердің кәсіби мерекесі саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Ұлттық валютамыз теңгеге 26 жыл толды. 1993 жылы 12 қарашада ҚР Президентінің 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығару туралы Жарлығы жарық көрді. Дәл осы күні Президент халыққа үндеу жариялады. «Осы уақыттан бастап Қазақстанның шынайы тәуелсіздігінің маңызды кезеңі басталады. Бұндай тарихи сәттер ел өмірінде бір-ақ рет болатын ірі оқиға», - деді Н.Назарбаев. 26 жылда теңгенің 4 сериясы шықты. Бірінші ақшамыз Ұлыбританияда басылып шықты. 1995 жылы өз банкнот фабрикамыз ашылды. Ұлттық валютаның алғашқы легінде «Портреттік серия» қолданылған. Авторлар банкнот беттерінде қазақтың ұлы тұлғаларының суреттерін жариялады. Осылайша тұңғыш рет ақша бетінде әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бейнелері жарық көрді. Ұлттық валютаның екінші