Осы жылдың басында мұнай қымбаттап, ресейлік рубль нығая түскендіктен, артынша теңге де күшейеді деп болжанған. Алайда уақыт тұспалды жоққа шығарып отыр. Мұның себебін Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Теңгенің биылғы айырбас бағамы шетел валютасындағы барлық ағымдардың сұраныстары мен ұсыныстарының үйлесімін көрсетеді. Ұлттық банк теңге бағамының құбылмалы сипатын қолдай береді. Осы бағыт теңгенің ішкі және сыртқы факторларға күн сайынғы реакциясын көрсетіп отырады», - деді Әлия Молдабекова. Ұлттық банк өкілінің айтуына қарағанда, жыл басында мұнай бағасы қымбаттап, ресейлік рубль де нығая түскен. Осыған орай, қаржы нарығының кейбір қатысушылары биыл теңге күшейетініне сенім білдіріпті. «Бірақ, бұл ретте бір мәселені атап өткім келеді: теңге бағамына мұнай бағасының динамикасы ғана ықпал етпейді. Сол секілді, белгілі бір кезеңдегі мұнайдың орташа бағасы әсер етеді. 2