АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дарынды жас әнші, «Голос дети» ресейлік тележобасының жеңімпазы Ержан Максим «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Бейнебаян Алматы қаласының көрікті жерлері мен Абай атындағы опера және балет театрында түсірілуде. «Junior Eurovision» байқауының шарты бойынша қатысушылар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы қажет. «Әнім өзіме қатты ұнады. Көрермендерге, Қазақстан халқына ұнайды деп ойлаймын. Жақында тыңдап бағасын бересіздер. Техникалық жағынан қиындығы бар. Дауыс көтеретін жерлер де бар. Ауыр өлең деп айтуға да болады. Маған өзіме негізі сондай әндер ұнайды», - дейді Ержан Максим. Клиптің авторы – украиналық режиссер Александр Фломбойм. Қоюшы –операторы көптеген қазақстандық әншілерге бейнебаян түсірген маман Станислав Ильин. Бейнебаянның мазмұны жақсылық, асқақ армандардың орындалуы жайында. «Бұ
Ержан Максим «Junior Eurovision» байқауында айтатын әніне клип түсіріп жатыр
8 октября 20198 окт 2019
3
1 мин