НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің пайдасына 5 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы ҚР Заңымен қабылданды. Жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын енгізудегі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, жұмысшылардың еңбек өтіліне сәйкес келетін лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Осылайша, қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 пайызы аударылып отырады: 10 пайызы – қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы – жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен зейнетақы жарналары», - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл жаңашылдық барлық жұмыс істейтін азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады. Ж
Зейнетақы жарнасының жаңа тәртібі қазақстандықтарға қалай әсер етеді
25 июля 201925 июл 2019
17
2 мин