АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас жанкүйер Криштану Роналдумен көрісу үшін матч кезінде алаңға жүгіріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл сурет әлеуметтік желілерді шарлап кетті.
21 шілдеде Сингапурда өткен «Ювентус» пен «Тоттенхэм» арасындағы халықаралық чемпиондар клубының матчында қазақстандық спорт жанкүйері запастағы ойыншылар отыратын орыннан Роналду көріп қалған.
Ол сүйікті спортшысының қолын алу үшін алаңға жүгіріп шыққан.
Ювентус бапкері бұл туралы былай деп жазды.
«Алаңда жүгіріп келе жатқан жас жігітті көрдім. Оны алып кетеді-ау деп қорықтым. Ол Роналдумен суретке түскісі келген. Сол үшін мен оны осында ертіп келдім. Мен үшін бұл қуаныш», - деді Ювентус бапкері.
Айта кету керек, бұл кездесуде Роналду 60-минутта гол салды. Сосын оны бапкері Матеус Перейрумен ауыстырды.
«Алтын доптың» 5 дүркін иегері жүгіріп келген жігітті қуана қарсы алып, суретке түсіп, ойын біткенше сол жерден тамашалуға шақырды.
Кейбір БАҚ-тардың хабарлауынша, баланың аты Ахмади Ержанов. Ол әкесімен Ақтаудан келген.
Айта кету керек, «Ювентус» - «Тоттенхэм» кездесуі 21 шілдеде Сингапурда өткен болатын. Бұл кездесуде ағылшындар 3;2 есебімен жеңіске жетті.