НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының маманы Далида Мұқашева аптап ыстықта қандай ауруға шалдығу мүмкін екенін, күн өтпес үшін қалай сақтану керектігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Егер ауа температурасы 38 градустан аз болса, ағза тері астындағы қан ағынын күшейте отырып, денені қызудан сақтайды. Бірақ ыстық күшейгенде, сыртқы температура ішкі температурадан жоғарылайды да, ағза «ресурстарды үнемдеуге» көшеді. Сөйтіп қан ағынын орталықтандыру механизмі іске қосылады. Бұл жүрек-қантамыр жүйесіне түсетін салмақты арттырады», - деді Далида Мұқашева. Оның айтуынша, қатты ыстық кезінде дене құрғап немесе қызып кетуі мүмкін. «Қатты ыстықта күн өту, шаршап-шалдығу, ыстық салдарынан тырысу сияқты белгілер пайда болады. Күн өтуден соққы алған жағдайда өмірлік маңызды органдар қайтымсыз зақымданып, кейде тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Аптап ыстық барлық адамдарға, соның ішінде жас және дені сау адамдарға де әсер етуі мүмкін», - деді сарап