Кеше, 3 шілде күні елордада «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы суреттейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, журналистер мен блогерлер, спортшылар мен өнер иелері, сондай-ақ актерлер құрамы қатысты. Бекзат Саттархановтың ата-анасы бұл көрсетілімге арнайы Түркістаннан келді. «20 жас ғұмырында қолынан келгенше еліне барлық күш-жігерін беріп кетті. Бекзатқа қандай марапат, қандай кино шығарса да артық болмас. Бекзатты жастардың алдына үлгі етіп қойса... оның имандылығы, үлкенді сыйлауы, қазақылығы, бірбеттілігі, алға қойған мақсатын орындайтын мінезі қазіргі қазақ жастарына керек» - дейді Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов. Картинаның режиссері - Мұрат Бидосов, сценарийін Сержан Закерұлы жазғ
Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм үлкен экранға жол тартты
4 июля 20194 июл 2019
31
2 мин