Алматылық заңгер Ержан Есімханов Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүзіп өту уақыты 14 сағат 21 минутты құрайды, қашықтығы - 34 шақырым. Ержан Есімхановтың айтуынша, ол Ла-Манш бұғазын жалғыз жүзіп өткен алғашқы Қазақстан өкілі. Басым бөлігін түнгі уақытта жүзген.
«Бүгін Ла-Манш бұғазын Англиядан Францияға дейін жүзіп өтіп, Франция жағалауында Қазақстан туын көкке көтердім», - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-la-mansh-bugazyn-14-sagattyn-ishinde-zhuzip-otti_a3544725