Қазақстан өз азаматтарына әлемнің 24 еліне визасыз қыдыру мүмкіндігін ұсынып отыр. ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып, аталмыш елдердің тізімін оқырман назарына ұсынады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда 19 мемлекетпен ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы екіжақты келісімдерге қол қойылған. Олар: Аргентина, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Бразилия, Гонконг АӘА, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркия, Украина және Эквадор. Сондай-ақ, қазақстандық азаматтар үшін біржақты тәртіп негізінде 5 мемлекетпен визасыз режім енгізілген. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, алғашқы тізімдегі елдердің азаматтары да Қазақстан аумағына турист ретінде визасыз кіре алады. «Ал Индонезия, Колумбия, Коста-Рика, Малайзия және Филиппин елдерінде біздің елдің азаматтары визасыз қыдыра алғанымен, аталмыш елд