НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қолдан жасалған алапат аштық, ату, асу, қуғындау, зорлықпен жер аудару... Большевиктер жүргізген қанды террордың шеңгеліне өзге ұлттармен бірге біздің жұртымыз да ілінді - қазақ жартысынан айырылып қалды. Қазақ даласындағы ашаршылыққа баға беріп, ауқымын анықтар тұста тарихтың осынау қасіретті кезеңін саяси қуғын-сүргін немесе депортация кезеңінен бөліп қарастырған жөн. Келіспеуге келмейтін һәм бұлтартпайтын «Арыс» қоры және Республикалық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы Ғарифолла Әнестің сөзі бұл. Расында да, отызыншы жылдарды былай қойғанда, 1919-1922 жылғы аштықтың өзі қазақтың еңсесін езіп кеткені анық-тын. Большевиктер 1919 жылдың басынан бастап ел ішінде азық-түлікті тәркілеу саясатын қолға алған еді. Қазақтың бақшасы болмағасын, қолындағы бары - малын тәркілеу басталды. Сексеуілді сексеуілге ұрып сындырғандай, қазақтың өз ішіндегі қызыл белсенділер - Ахметше айтқанда «өз ауылымыздың иттері» құлшына іске кірісіп, теңдікке уәд
Бүгін - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мая 201931 мая 2019
34
3 мин