Бала кезгі естеліктер күн өткен сайын көз алдыма қайтып келуде. Әсіресе, мешітімізде болған қызықты оқиғалармен бөліскенді жөн санаймын. Ауылға ислам енді келген кез. 2006-7 жылдар болса керек, Самарбек ұстаздың сенімді серігі едім. Серік болғанда, анамның бала кезден "мұғалімдерге құрметпен қара" дегені ғой. Оның үстіне әр қазақ үшін имамның орны бөлек. Айтқаны - заң, жасағаны - үлгі ғой. Сондықтан Самарбек ұстаздың айтқанын екі етпейтінмін. Алдымен азан үйретті, одан кейін ұстаз жоқта ауызашар алдында ақшамда имам болдым. Бұл деген біз үшін деңгей еді ғой. Кейін бір-екі рет мешітке келген адамдарға құран оқыдым-ау. Бірақ, бұл жайлы жадым нақты ақпарат берген жоқ. Бірақ бұған дейін дәреттің оқиғасы болған. Ол кезде 4 сыныпта болуым керек-ау. Ауылда Қадір түніне ерекше дайындалады ғой. Себебі, бүкіл ауылды жинап, халықтың басын айғайда емес, қара шайда қосылады ғой. Сол Қадір түнінің бірінде ұстазымыз ауыл азаматтарына уағыз айтып жатты. Бір кезде 60-тан асқан Алтыбай әулетінің ақс