Алматыда «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының алғашқы нұсқалары таныстырылды. Поэзия және проза жинақтарының таныстырылымына осы жобаға қатысқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Қытай және Египет аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылары, шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлар қатысып жатыр. Жиын барысында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева сөз сөйлеп, аударма жұмыстарының қалай жүргізілгенін айтып өтті. «Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына екі жыл толып отыр. Осы жылдар арасында қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы атап өткен 6 жоба бойынша нақты нәтижелер бар. Бүгінгі жиын әдебиет саласындағы атқарылған істерге арналып отыр. Қазақ әдебиетін БҰҰ-ның 6 тіліне аударып, тарату бұған дейін болмаған. Отандық
Алматыда 6 тілге аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының таныстырылымы өтіп жатыр
18 апреля 201918 апр 2019
146
1 мин