Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстың Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Панфилов ауданының Полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы (полиция майоры), Жергілікті полиция қызметінің бастығы (полиция майоры), сондай-ақ осы ауданның Патрульдік полициясының екі полицейінің (полиция сержанттары) парақорлық фактісін анықтады. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша бұрын алынған 2491 дана ондатр терісін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алуда күдікті деп танылды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Арман Бердалин. Қылмыс үстінде ұсталған патрульдік полицей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына үш рет оқ атқан. «Патрульдік по