Алматы әуежайында 49 жастағы Қазақстан азаматы валюта контрабандасымен ұсталды. «Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайдан «Алматы – Бейжің» бағытымен ұшқалы тұрған HU–7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Ұстауға себеп: аталған азаматтан тексеру барысында кедендестірілмеген 30 000 АҚШ доллары, 1 285 қытай юані және 22 000 теңге болды. Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды.
«Алматы-Бейжің» бағытында қомақты ақшамен ұшпақ болған адам ұсталды
18 апреля 201918 апр 2019
212
~1 мин