Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астана атауының Нұрсұлтан деп өзгеруіне қатысты ойын айтты. "Шешім қабылданды. Мен дұрыс деп ойлаймын. Еңбегі бар. Астананы астана жасаған, дүниежүзіне танытқан - Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздер білесіздер, Астанада өмірі болмаған саммиттер, өмірі кездеспейтін мемлекеттің басшылары кездеседі, бір-бірімен татуласады. Ең негізгісі, осы Астана арқылы Қазақстан, оның ішінде қазақ халқы бүкіл дүниежүзіне мәлім болды. Қазір Астана - əлемдегі əдемі, сұлу қалалардың бірі. Қиын кезде, 90-шы жылдардың басында осындай шешім қабылдап, өзіне жауапкершілік алу əркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен жүректілік, табандылық əрі "ертең орындалады" деген сенімділік керек. Міне - соның дәлелі, қазір 20 жылдан асты, Астанамыздың қалай болғанын көріп отырмыз. Бұл дұрыс шешім, өйткені ол тарих, болашақ үшін керек", - деп жауап берді Сапарбаев Baq.kz тілшісінің сұрағына. Министрдің айтуынша, жастарды солай тəрбиелеу
Президенттің ауысуы, Астана атауының өзгеруі - Сапарбаев пікірі
18 апреля 201918 апр 2019
281
1 мин