Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруxананың xирургтері 101 жастағы әжейдің жамбас буынын ауыстырды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты, жақын күндері оңалту орталығына ауыстырылатын болады. «Біз емделушінің оң жақ жамбас буынына эндопротездеу жасадық. Ота барысында емделушіге екі өсінділі эндопротез, яғни пластик пен металл орнатылды. Отаның күрделілігі – емделушінің жасымен байланысты, себебі ота жасалған уақытта оның жасы 101-де болды. Жалпы алғанда ота жоспарлы түрде өтті деп айтуға болады, қандай да бір асқыну болған жоқ. Ол қазіргі уақытта алғашқы қалпына келу курсын қабылдап жатыр. Емделушінің біздің ауруханадағы емі аяқталған соң, толық қалпына келгенге дейін оңалту орталығында болады деп жоспарлап отырмыз», - Шұғыл травматология бөлімінің дәрігері Павел Салдин. Оның айтуынша, ота кезінде науқастың сынған жамбас сүйегінің басы мен барлық буыны алынып тасталған. Бұдан кейін дәрігерлер арнайы құрылғылардың көмегімен жамбас сүйегіндегі жілік ма
Қарағандылық дәрігерлер 101 жастағы науқасқа бірегей ота жасады
11 апреля 201911 апр 2019
62
2 мин