Малазиялық жоғары оқу орындары туралы ақпараттар посткеңестік территория аумағында соншалықты кең таралмаған. Бұл елдің ЖОО батыстық ЖОО салыстырғанда айтарлықтай басымдыққа ие, сонымен қатар білім алу үшін орта жағдайдағы бюджетке ие студенттер қауымына жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Малайзияның атақты жеке ЖОО Ұлыбританияның, Шотландия мен Австралияның үздік университеттерінің филиалдары болып табылады, бірақ Малайзиялық филиалдардағы оқу ақысы осы басты университеттерге қарағанда әлдеқайда төмен. Сонымен бірге, Малайзиялық студенттердің өмір салты туралы да айтуға болады. Малайзияда жыл бойы жаздық ауа райы сақталғандықтан да мұнда оқу тартымды болмақ, яғни жағымды климат жаныңызға жайлылық сыйлайды. Бұл студенттерге қысқы қалың киім қажет болмауы мен қатар жергілікті жеміс-жидектің төмен бағада болуы үнем жасауға мүмкіндік береді. Малайзия географиялық тұрғыдан өте сәтті орналасқан, аралдар мен көрші экзотикалық елдерге жиі ұшуға болады. Бұл қазақстандық