Біздің ойлау жүйеміз мінсіз емес, онда үлкен қателіктер мен олқылықтар жетіп артылады. Іріктеп алған біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 фактіні оқып шыққан соң, адамдар қалайша байыптап әрекет ететініне таң қалуыңыз мүмкін. Біздің қысқамерзімді жадымыздағы ақпараттың сақталып тұру уақыты 20 секундты құрайды, ал егер біз оны қайталамасақ, тез арада ұмытылып кетеді. Соңғы деректерге қарағанда адам бір уақытта ойында ақпараттың ары дегенде 7 блогын ұстап тұра алады. Бұл біз жадымызда тек жеті цифрлық мәнді сақтай алатынымызды, егер сан үлкенірек болса, оны есте сақтау қиындық тудыратынын білдіреді. Осы себепті, есте сақтауды оңайлату үшін, телефон нөмірі бірнеше цифрлық блокқа бөлінеді. Оқуға кеңес береміз: Есте сақтауға арналған бұл 7 әдіс ой-өрісіңізді кеңейтеді Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық Жаңа мәліметті еске сақтаудың үздік әдісі Заттарды сіз қалай көретініңіз бен олардың шын мәнінде қандай екенінің айырмашылығы жер мен көктей. Бізд