Дәрет - Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл - белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат. Дәреттің парыздары Құранда дәретке байланысты: <<Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі тобығыңа дейін жуыңдар>> - делінген. 1. Жүзді жуу: бұл жерде беттің бір рет жуылуы парыз. Мұның өлшемі - шаштың шетінен басталып, иек асты мен құлақтың түбіне деінгі жерлерге,сақал,мұрт және қастардың түбіне су бару керек. 2. Екі қолын жуу: ек қолын, білегін шынтағымен қоса бір рет жуу - парыз. Саусақтарынның арасын, жүзігі болса, оның астына су баруын қадағалау қажет. 3. Басқа мәсіх ету: басының төрттен бірін су қолымен немесе басқа жерде қолданбаған таза ылғалмен бір рет мәсіх ету - парыз. Мұғира ибн Шуғбә былай дейді: <<Аллаһ Елшісі (с.а.у) д