«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ mGov қосымшасы арқылы «Электрондық үкімет» порталына қосымша 12 қызметті іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған компанияға сілтеме жасап. Таратылған мәліметке сәйкес, аталған мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтамаларды ала алады. Сонымен қатар некеге тұру туралы қайталама куәлікке, әке екендігін анықтау туралы қайталама куәлікке, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке, некені бұзу туралы қайталама куәліктерге өтініш беру мүмкіншілік бар. Мұнан бөлек, Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, электрондық еңбек биржасы, мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру mGov қосымшасы арқылы қолжетімді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық