Найти тему

Сағындым деші...

Сағындым деші...Сағындым деші,
Сан ойдан санам серпілсін.
Жаныңның сезіп өртін шын.
Қызыққа толы сәттердің,
Қызығын қайта келтірсін.

Сағындым деші,
Құс болып көкке ұшайын.
Көңілдің мұңын тұсайын.
Әлемнің шуақ,шаттығын.
Құшағыма алып қысайын.

Сағындым деші,
Бақыттың дәмін сезейін.
Бақыттың бағын кезейін.
Мұңая қалсам басынар.
Өзге емес,менің өз ойым.

Сағындым деші,
Кетейін мұңнан арылып.
Шаттыққа еріп,бағынып.
Миымда бір сәт босатып.
Жүрейін сені сағынып.

Сағындым деші,
Жылысын тоңған мұз денем.
Жылы сөз бәлкім,бізде кем.
Өзіңнен алған жылумен
Барайын жаз боп күнге мен.

Сағындым деші,
Қуанайыншы балаша.
Сезініп бір күй жаңаша.
Қалдырма сенен өтінем.
Ойларымменен оңаша.

Баршын Ізбасар